Танымал бокс сарапшысы Головкиннің қартая бастағанын мәлімдеді

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал бокс сарапшысы Головкиннің қартая бастағанын мәлімдеді © Фото: DAZN

BoxingScene.com порталының танымал сарапшысы Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) қартая бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

BoxingScene.com порталының танымал сарапшысы Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) қартая бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Меніңше, Головкин өзін жақсы көрсетті. Роллс секілді боксшыларды Головкин әп-сәтте жеңеді. Кездесудің бастапқы раундында Роллс сияқты боксшылар жеңіліс табады. Головкиннің басты проблемасы - ол өз деңгейіне қайта орала алмай жүр. Геннадийдің жасы 37-де, оның боксшы ретінде қартайып жатқанын көріп тұрғаным жоқ. Ол VADA үшін әрдайым допинг-сынақтардан өтеді. Головкин жоғары дейгейлі кездесулер өткізіп жүргенде көп боксшы одан қашқан еді. Ал "Канело" - ұлы боксшы, оған қоса ол әлі жас. Негізі допинг қолданбайтын боксшылар 37 жасында қартаяды. Адам солай жаратылған. Көптеген боксшы 27 жасында мықты болған, бірақ 37 жасында емес. Бұл пікірім оның машықтарын жоққа шығармайды. Әлі күнге дейін оның соққысы мықты. Бірақ оның жылдамдығы азайып келеді. Сондықтан оған енді жас боксшылармен жұдырықтасу қиынға соғады", - дейді ол.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген. Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген алғашқы жекпе-жегі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети