22 тамыз 2016 | 09:58

Тарихта бірінші рет Вэл Баркер Кубогын әйел адам алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кларесса Шилдс. © АҒР Кларесса Шилдс. © АҒР

Америкалық Кларесса Шилдс Олимпиада ойындарында Вэл Баркер кубогын жеңіп алған бірінші әйел адам болып отыр. Бұл туралы AIBA (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) ресми сайты хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Кларесса Шилдс Олимпиада ойындарында Вэл Баркер кубогын жеңіп алған бірінші әйел адам болып отыр. Бұл туралы AIBA (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) ресми сайты хабарлайды.

21 жастағы Шилдс 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Рио-де-Жанейрода ол екі дүркін чемпион атанды. Жартылай финалда америкалық боксшы қазақстандық Дариға Шәкімованы жеңген болатын.


Кларесса Шилдс.

Сонымен қатар, ерлер арасында Кубоктың иегері - Өзбекстан боксшысы, 23 жастағы Хасанбой Дусматов болды. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ширек финалда Дусматов қазақстандық Біржан Жақыповты жарыстан шығарған болатын.


Хасанбой Дусматов.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы сегіз жыл сайын Вэл Баркер кубогын үш рет иеленген болатын.1996 жылы Василий Жиров, 2004 жылы Бахтияр Артаев, ал 2012 жылғы Ойындарда осы жүлдені Серік Сәпиев жеңіп алған. Мұндай көрсеткішке тек  АҚШ құрамасын қайталаған, олар бес рет Кубок иегері атанған.

Вэл Баркер кубогы Олимпиада ойындарында қаншасыншы орын иеленгеніне қарамастан, техникалық шеберлігі жоғары боксшыға беріледі. 1936 жылы ең бірінші болып қола медальді иеленген, америкалық Лои Лори осы жүлдені жеңіп алған. 

Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасы медальдар есебінде төртінші орын иеленді. Қазақстандық боксшылар бір алтын, екі күміс және екі қола жүлдені ұтып алды. Бірінші орынға Олимпиада ойындарында бірінші рет Өзбекстан боксшылары жайғасты. Олар жеті медальға қол жеткізген - үш алтын, екі күміс және екі қола медаль. Екінші орында үш алтын және үш қола медальмен кубалық боксшылар шықты, ал үшінші орынды Франция иеленген олар әр жүлдеден бір-бірден алған.


© twitter.com/GPStangrit

Өзбекстан жалпы командалық есепте де Қазақстан құрамасын озып кетті. Қазақстандық спортшылар 22-орында, ал өзбекстандықтар 21-орынға табан тіреді. Қазақстандық боксшылар Рио Олимпиадасында қанша табысқа жеткені туралы мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети