Тайсонның бапкері Джейкобсқа Головкинмен қалай жұдырықтасу керек екенін айтты

19 Қаңтар 2017, 14:24
0
Тайсонның бапкері Джейкобсқа Головкинмен қалай жұдырықтасу керек екенін айтты - © boxnews.com.ua
© boxnews.com.ua

Майк Тайсон мен Эвандер Холифилдтің бапкері әрі америкалық маман Ронни Шилдс Дэниэл Джейкобске (32-1, 29 КО)  WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жұдырықтасуда қандай әдістерді қолдану керектігі жайлы кеңес берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл тамаша жекпе-жек. Мен олардың келісімге келгендеріне қатты қуандым. Себебі, Дэнни - жан-жақты боксшы. Оның жұдырықтасу дарыны бар. Джейкобс расында да ақылды жігіт. Оған Головкинмен бетпе-бет жұдырықтаспау керек. Егер де Дэнни салқынқандылық танытса, оның жеңіске жетуге мүмкіндігі зор", - деді Шилдс On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін бапкер Головкинді жеңе алатын екі боксшыны атаған еді. 

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай