Мексикалық Сауль Альварес америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Мексикалық Сауль Альварес америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
2017 жылдың қыркүйегінде Головкин - Альварес жекпе-жегі тең аяқталып, бұл нәтиже бокс әлемінде үлкен шу шығарған болатын. 12 айдан кейін төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы жеңіліс болатын, ол соның салдарынан WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалды.
Альварес Головкиннен тартып алған титулдарын 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте қорғайды. Мексикалықтың айтуынша, ол америкалық боксшының кез келген стиліне дайын.
"Мығым боксшылар немесе қиын боксшылар болады. Джейкобста аз-аздан екі стиль де бар. Ол әрі мығым, әрі қиын. Головкин - тек алға ұмтылатын өте мықты боксшы, бұл жекпе-жекте үлкен қиындық туғызады. Бірақ олардың стильдері әртүрлі.
Бізді қиын әрі ауыр жекпе-жек күтіп тұр, себебі Джейкобста қажетті менталитет бар. Мені қуантатыны - ол бәріне дайын. Кез келген тосқауылды бұзып өтетін табанды боксшы барда жекпе-жектер жақсы өтеді. Қарсыласым мамырда маған жақсы жекпе-жек ұсынатынына қуаныштымын, менің әр жекпе-жектен қалайтыным - осы.
Ол - рингті кез келген боксшыға қарсы пайдалана білетін боксшы. Ұзын бойлы, күшті, жылдам. Бірақ ол маған қарсы қалай жұдырықтасайын деп жүргенін білмеймін. Менің нақты айта алатыным - біз оның кез келген стиліне дайынбыз.
Біз жүз пайызға жаттығып, қажетті күні толық дайын боламыз. Бұл ауыр кеш болатынын білеміз. Мұндай деңгейде сен кез келген стильге дайын болуың керек", - деді Альварес.
Айта кетейік, Джейкобс та Головкинмен жекпе-жек өткізген еді. 2017 жылы наурызда қазақстандық боксшы оны төрешілер шешімімен ұтқан. Джейкобс бір рет нокдаунға түскенімен, GGG-ге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашы боксшы атанды.