Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жүсіпов әлем чемпионы атағын таиландтық Вуттичай Юрачаймен сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, карьерасында алғаш рет әлем чемпионы атанды.
Еске салайық, бұған дейін Жүсіпов жартылай финалда Беларусь өкілі Евгений Кармильчукті жеңген болатын. Оның алдында сербиялық Омер Аметовичтен, кейін өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовтен басым түскен.
Бұл - Қазақстан құрамасының биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медалі. Кеше құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Финалда әлі үш қазақстандық өнер көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!