06 ақпан 2014 11:54

The Ring рейтингі бойынша Головкин бірінші орында

Генадий Головкин

Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, отандасымыз Генадий Головкин америкалық The Ring басылымының рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік боксшы деп танылды дейді Tengrinews.kz vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Өткен сенбі күні Головкин ганалық Осуману Адамамен кездесіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Осылайша ол WBA тұжырымындағы чемпиондық атағын оныншы рет, IBO тұжырымындағы атағын жетінші рет қорғап қалды. Дегенмен, басылымның тізген тізімінде "суперчемпион" атағы аргентиналық боксшы Серхио Мартинеске тиесілі болып тұр. Айта кетейік, Головкин өзінің келесі 30-кездесуін 26 сәуір күні Нью-Йорк қаласында өткізетін болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram