The Ring рейтингі бойынша Головкин бірінші орында

06 Ақпан 2014, 11:54
0
The Ring рейтингі бойынша Головкин бірінші орында - Генадий Головкин
Генадий Головкин
Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, отандасымыз Генадий Головкин америкалық The Ring басылымының рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік боксшы деп танылды дейді
Tengrinews.kz vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Өткен сенбі күні Головкин ганалық Осуману Адамамен кездесіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Осылайша ол WBA тұжырымындағы чемпиондық атағын оныншы рет, IBO тұжырымындағы атағын жетінші рет қорғап қалды.

Дегенмен, басылымның тізген тізімінде "суперчемпион" атағы аргентиналық боксшы Серхио Мартинеске тиесілі болып тұр.

Айта кетейік, Головкин өзінің келесі 30-кездесуін 26 сәуір күні Нью-Йорк қаласында өткізетін болады.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай