25 тамыз 2016 | 16:14

Тищенко алтын медалін маған бергісі келсе де алмас едім - Левит

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Данияр Майлыбаев © Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері боксшы Василий Левит Риодан келгеннен кейін тілшілерге берген сұхбатында дауға айналған жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері боксшы Василий Левит Риодан келгеннен кейін тілшілерге берген сұхбатында дауға айналған жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тищенкомен қайтадан жекпе-жекке шығу мен үшін қызық болар еді. Жекпе-жекке шығып жүрген барлығымыз көшбасшылық қасиетке иеміз және әрқашан жеңіске ұмтыламыз. Ал егер жеңіліп қалсаң, өзіңнің, ата-анаңның, жанкүйерлеріңнің алдыңда қайта көтерілуге тырысасың. Бірақ жекпе-жектің болатыны немесе болмайтыны уақыттың еншісінде", - деді ол .

Рио Олимпиадасындағы даулы жекпе-жегіне қатысты боксшының жауабы келесідей болды: "Қанша адам болса, сонша пікір болады. Мен оны адам ретінде түсінемін. Кім өз медалін бергісі келсін. Қалай ұтқаны маңызды емес, Олимпиадаға барғандардың барлығы жеңгісі келеді, қол жеткізгеніне қуанады. Сондықтан ол не үшін маған медалін беруі керек? Ол оның медалі. Мен тіпті алмайтын да едім. Не қажеті бар? Маған күміс медаль берді. Екінші медальді қайтемін?".

Мұнымен қатар, Левит келесі Олимпиадаға қатысу-қатыспауы туралы сұраққа былай жауап берді: "Мен бір айдан кейін не боларын да білмеймін, ал төрт жылдан кейін тіпті де. Қазір өз шаруаларыммен айналысамын, отбасылық жағдайлар бар дегендей. Содан кейін демаламын, осыдан кейін ғана өзім ұнатқан бағытта жүремін", - деді боксшы. 

Боксшы кәсіпқой боксқа ауысу мәселесіне келгенде ойланатынын айтты. 

Еске салайық, осыған дейін Олимпиадада қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегіне қатыстыхалықаралық дау туған еді. Қазылар жеңісті Тищенкоға берген кезде жанкүйерлер бұл шешімге наразылық білдіріп, ысқырған болатын. Желіде жекпе-жек қорытындысын қайта қарау туралы петиция пайда болды. Ал әлемдік бокс мамандары төрешілердің әділ шешім шығарғанына күмән келтіретінін атап жатты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети