Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады фото: olympic.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыз алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында.

Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Назым Қызайбай финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Назым Қызайбай қазақ боксы тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы атанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырынан көрінген еді. Сондай-ақ, 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети