Токио Олимпиадасы: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының ширек финалында қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының ширек финалында қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта ресейлік Иван Верясовқа қарсы жекпе-жекке шығып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.   

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалда бразилиялық Эберт Соузамен жекпе-жекке шығып, 3:2 есебімен жеңіліп қалғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная