01 тамыз 2021 15:42

Олимпиада-2020: Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шыға алмады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сали Сәбіров / Olympic.kz Фото: Сали Сәбіров / Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалда бразилиялық Эберт Соузамен жекпе-жекке шығып, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Әбілхан Аманқұл жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігінен айырылып қалды.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған. Сол жылы Азия чемпионатында қола, биылғы құрлықтық жарыста күміс медаль иеленген. 

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында үш боксшымыз қалды. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети