27 шілде 2021 | 14:31

Токио Олимпиадасы: "қазақ салмағында" шыққан Абылайхан Жүсіпов жеңіліп қалды

Фото: Владислав Семёнов / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасының 1/8 финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасының 1/8 финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

69 келіге дейінгі салмақта шыққан Жүсіпов ширек финалға берілер жолдаманы америкалық Деланте Джонсонмен сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын 1:4 есебімен жеңілді. 

Абылайхан Жүсіпов - Қарағанды облысының тумасы, 24 жаста. Боксшы 2016 жылы 19 жасында 64 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген еді. Ал 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль иеленген. 

Реклама
Реклама

Олимпиаданың 1/8 финалында Қазақстан толық құраммен өнер көрсетеді. Бұған дейін алғашқы кезеңде 57 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов, 63 келіге дейінгі салмақта Зәкір Сафиуллин мен 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов жанкүйерлер атап кеткен "қазақ салмағында" сынға түскен. 69 келіге дейінгі салмақта 2004 жылы Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Серік Сәпиев және 2016 жылы Данияр Елеусінов Олимпиадада алтын медаль иеленген.   

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная