26 шілде 2021 15:18

Токио Олимпиадасы: үшінші боксшымыз келесі кезеңге жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында 1/8 финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында 1/8 финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы кезеңде Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Айта кетейік, бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Зәкір Сафиуллин 1/8 финалға өткен болатын. 

Еске салайық, Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленген еді.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети