Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды

Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта Сәкен әлем чемпионатының алтын медалін америкалық Роско Хиллмен сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. 

Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен. 

Жарнама
Жарнама

Бұл - Қазақстан құрамасының Белградтағы әлем чемпионатында алған екінші "алтыны". Бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмуд Сабырхан - күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов биыл Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола медаль алған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама