04 қараша 2021 19:34

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚБФ ©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Жүсіпов жартылай финалда жапон боксшысы Севон Оказавамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 4:1 есебімен жеңілді. Осылайша, ол әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Жүсіпов бұған дейін бұл турнирде венесуэлалық Кристиан Паласионы, польшалық Дамиан Дуркасты, моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты жарыс жолынан шығарған еді. 

Еске салайық, Абылайханның алдында қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Махмуд Сабырхан финалға шыққан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети