Төрешілер Геннадий Головкинді ренжітті - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрешілер Геннадий Головкинді ренжітті - БАҚ © The Independent

"Советский спорт" басылымының тұжырымы бойынша, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта кездесуі 2018 жылдың асыға күтетін ТОП-5 жекпе-жектің қатарына кірді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Советский спорт" басылымының тұжырымы бойынша, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта кездесуі 2018 жылдың асыға күтетін ТОП-5 жекпе-жектің қатарына кірді. 

"Салмақ дәрежесі: орта салмақ.

Бұл боксшылардың алғашқы кездесуі әлемдік деңгейдегі үлгілі жекпе-жектер қатарына кірмеді. Бұл кездесуде есте қалар оқиға болмады. Жеңіс Геннадий Головкинге бұйырғанда ешқандай сұрақ болмас еді. Бірақ төрешілер қазақстандық боксшыны ренжітті. Соныдқатан осы мәселе бойынша, шешілмеген тұстар бар.  Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуі биыл мамырда өтетін шығар. Командалар арасында келіссөз жүріп жатыр. Ал аралық жекпе-жектер туралы ештеңе айтылмады. 

Жекпе-жектің өту ықтималдығы 90 пайыз", - делінген ескертпеде.

Сонымен қатар, бұл тізімге: Энтони Джошуа (Ұлыбритания) - Деонтей Уайлдер (АҚШ), Сергей Ковалев (Ресей) - Дмитрий Бивол (Ресей), Кит Турман (АҚШ) - Эррол Спенс (АҚШ) және Василий Ломаченко (Украина) - Майки Гарсия (АҚШ) кездесулері де енді.

Еске салайық, Головкин-Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өтіп, тең аяқталған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети