Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері толықтай аяқталды. Кешкі бөлімдегі екі боксшымыз да жеңіске жетіп, финалға шыққан боксшыларымыздың саны төртеу болды, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.

Күндізгі бөлімде 49 келідегі Шалқар Айқынбай мен 56 келі салмақ дәрежесіндегі Сұлтан Зауырбектің өз қарсыластарын ұтып, финалға шыққандарын жариялағанбыз.
Кешкі бөлімдегі екі жігітіміз де жерге қаратқан жоқ. 60 келіде Абылайхан Жүсіпов өзбек Икболжон Холдаровқа үстемдік танытып, 3:0 есебімен жеңді. Ал 81 келідегі Вадим Казаков Норвегия боксшысы Вегар Трегренді 2:0 есебімен ұтты.
Жартылай финал:
Қыздар
51 келі: Алуа Балқыбекова – Ануш Григорян (Армения) – 0:3
Жігіттер
49 келі: Шалқар Айқынбай – Шуан Какара (Үндістан) – 2:1
56 келі: Сұлтан Зауырбек – Петер Макграин (Ұлыбритания) – 2:1
60 келі: Абылайхан Жүсіпов – Икболжон Холдаров (Өзбекстан) – 3:0
81 келі: Вадим Казаков – Вегар Трегрен (Норвегия) – 2:0
Сөйтіп, төрт бірдей жігітіміз финалға шықты. Ертең – финал. Күрзі жұдырықты жас таланттарымызға тек жеңіс тілейміз!