Екінші орта салмақта WBC ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес қазақстандық Геннадий Головкинді ең сұмдық панчер деп атап, GGG-дің жаттығу лагеріндегі оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақта WBC ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес қазақстандық Геннадий Головкинді ең сұмдық панчер деп атап, GGG-дің жаттығу лагеріндегі оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Көптеген боксшылармен спарринг өткіздім. Питер Куилли, Келли Павлик, Латиф Кайоде, Габриэль Росадо, Хосе Узкатеги. Калифорнияды жаттығатындардың барлығы менімен спаррингте тұрды. Олардың ішіндегі ең сұмдығы - Головкин. Мені талдырып тастады демеймін. Әңгіме ол туралы емес. Ол рингті жақсы сезінеді, соққыларды да. Соққысы өте жойқын. Әңгіме оның шеберлігінде. Соққысын қалай "бұратынында", соған бар күшін сала алатынында, соққыны нақты қалай жасау керегін білуі - осының бәрі оның жұдырығын ауыр етеді. Ол қарсыластары тұра алмай қалатындай ұрады", - деді Давид Бенавидес Fight Hub Youtube арнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол жаттығу лагерінде болған бір естелігімен бөлісті.
"Бірде онымен жаттығу лагерінде болып, төрт жігітті қатарынан нокаутқа түсіргенін көрдім. Ол бірін құлатады - өзгесі рингке кіреді. Оны құлатады, осылай кезегімен келе берді. Мен оған қыздырынуға көмектестім, бірінші болып спарринг өткіздім. Одан көп нәрсе үйрендім. Қорғаныстағы кей мәселелерді. Осы тәжірибе мені қалыптастырды", - дейді Бенавидес.