"Түр-әлпетінің жағдайы - көрсеткіш емес" - Маман Головкин мен Альварес жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Түр-әлпетінің жағдайы - көрсеткіш емес" - Маман Головкин мен Альварес жекпе-жегі жайлы © Тұрар Қазанғапов

ESPN телеарнасының сарапшысы Фернандо Барбоза Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен жеңілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

ESPN телеарнасының сарапшысы Фернандо Барбоза Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен жеңілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Көпшілік Головкиннің жеңісін көрді. Мен үшін жекпе-жек 8:4 есебімен GGG-дің пайдасына шешілді. Негізінде бұл жақын қашықтықтағы тамаша жекпе-жек болды, бірақ "Канело" жеңді деуге еш келмейді. Соққылардың әсері мықты болды деушілер тек Головкиннің бет әлпетіне қарап айтып жатыр. Мен оның беті мексикалыққа қарағанда қаттырақ көгергенінен ешқандай мәселе көріп тұрғаным жоқ. Бокста жеңімпаз жарақат саны бойынша анықталмайды. Бұл көрсеткіш емес", - деді маман. 

"Головкин екі кездесуде де мықты болды. "Екінші кездесуде "Канело" тең түсуге жақындады. Бұл олардың үшінші кездесуінің алдындағы ең әділ шешім болар еді. Қос боксшы міндетті түрде шаршы алаңда қайта жолығатынына сенімдімін", - деді Барбоза. 

Айта кетейік, 15 желтоқсанда Лас-Вегаста Геннадий Головкин төрешілер шешімі бойынша Сауль "Канело" Альварестен жеңілді. Мексикалық боксшы қазақстандықтың WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алды. Екінші кездесуден соң Головкин де Альварес те үшінші рет шаршы алаңда кездесу өткізуге дайын екендерін мәлімдеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети