20 наурыз 2014 | 17:16

Украина мен Ресей боксшылары спортты саясатпен сабақтамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет worldseriesboxing.com сайтынан Сурет worldseriesboxing.com сайтынан

WSB ширек финалда бір жұпқа түскен Украина мен Ресей боксшылары қазіргі екі ел арасындағы саяси келеңсіздіктерге қарамай, шаршы алаңда кездесуге уағдаласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz AIBA мәлімдемесіне сілтеме жасап. Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) мен Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) ширек финалдағы Украина мен Ресей арасындағы кездесудің өтетіндігі жайлы ресми мәлімдемелерін жариялап, осы ақпаратты шартарапқа таратты. Сонымен Қырымда қырғи қабақ болып отырған Украина және Ресей боксшылары WSB ширек финалында кездесетін болды. Бірінші кездесу 30 наурыз күні Мәскеуде, ал екіншісі 4 сәуірде Донецкіде өтетін болып бекітіліпті. "Бұл шешім Олимпиада қозғалысының спорт саясатпен сабақтаспауы керек деген ең басты қағидасын негізге ала отырып қабылданды. Екі команда да осы қағиданы берік ұстануға келісті. Ал AIBA/WSB олардың бұл келісімдеріне шектен тыс қуанышты және екі команданың пікірлерін бағалайды", – делінген Халықаралық бокс қауымдастығының арнайы мәлімдемесінде. Осы жұпта жеңіске жеткен ұжым Куба және АҚШ боксшылары арасында басым түскенімен WSB жартылай финалында кездеседі. Жартылай финалдық кездесулер 25 сәуір және 2 мамыр күндері өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан боксшылары ширек финалда неміс командасымен кездеседі. Егер оларды жеңіп, жартылай финалға шықса (оған біз титтей де күмән келтірмейміз), жартылай финалда Италия және Әзірбайжан боксшылары жұбында жеңіске жеткенімен кездеседі. WSB. Ширек финал: "Astana Arlans" – "Team Germany" "Italia Thunder" – "Baku Fires" "Cuba Domadores" – "USA Knockouts" "Ukraine Ottomans" – "Russian Boxing Team"

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети