Орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық кәсіпқой боксшы Максим Бурсак (36-6-2, 16 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауля Альварестің (53-2-1, 36 КО) қайсысы мықты екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кәсіпқой спортшы Instagram-дағы жеке парақшасында желі қолданушыларының сұрағына жауап берді. Онда боксшыға "Макс, "Канело" мықты ма, әлде Гена ма"? деген сауал қойылды.
Бурсак GGG-дің мықты екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2017 жылы Бурсак титул үшін жекпе-жекте мексикалық Гилберто Рамиреспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Онда украиналық боксшы орта салмақтағы WBO белбеуін қорғаған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!