Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) (әлемдегі ең мықты боксшылар) ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы күнге дейін Головкин бұл рейтингте екінші болып келген еді, ал бірінші орында америкалық боксшы Андре Уорд тұрған еді.
Еске салайық, IBF, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына (79,38 келі салмақта) америкалық боксшы Андре Уорд спорттық мансабын аяқтады.
Екінші орында украиналық Василий Ломаченко, ал үшінші орынға Теренс Кроуфорд көтерілді. Головкиннің қарсыласы Сауль "Канело" Альварес төртінші орынға жылжыды.
ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде үздік ондыққа енген боксшылар есімі мынадай:
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО; Қазақстан) - орта;
2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО; Украина) - екінші жартылай жеңіл;
3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО; АҚШ) - бірінші жартылай орта ;
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО; Мексика) - орта;
5. Кит Турман (28-0, 22 КО; АҚШ) - жартылай орта;
6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО; АҚШ) - жартылай орта;
7. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО; Куба) - екінші жартылай жеңіл;
8. Майки Гарсия (37-0, 33 КО; АҚШ) - жеңіл;
9. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО; Ресей) - жартылай ауыр;
10. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО; Жапония) - екінші аса жеңіл.