Ұсыныс түссе, EXPO-2017 кезінде жұдырықтасуға дайынмын - Фируза Шәріпова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұсыныс түссе, EXPO-2017 кезінде жұдырықтасуға дайынмын - Фируза Шәріпова © Tengrinews.kz

Қазақстаннан шыққан бірінші кәсіпқой бұрымды боксшы Фируза Шәріпова Vesti.kz порталына EXPO-2017 кезінде әлем чемпионы атанғысы келетінін айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан шыққан бірінші кәсіпқой бұрымды боксшы Фируза Шәріпова Vesti.kz порталына EXPO-2017 кезінде әлем чемпионы атанғысы келетінін айтып берді.

Фирузаның айтуынша, ол EXPO-2017 кезінде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түссе, қабыл алар еді. "Әрине! Мен Қазақстандағы мұндай ірі шара кезінде жұдырықтасуды армандап жүрмін. Оның үстіне тура сол уақытта менің әлем чемпионы атағы үшін өтетін кездесуім жоспарланып жатыр. Сондықтан да бірінші чемпиондық белбеуінді отандым, өз жанкүйерлерімнің алдында жеңіп алсам керемет болар еді. Жанкүйерлер де маған жолдатаған сауалдарында осы жағдайды жиі сұрайды", - деді боксшы қыз.

Сондай-ақ, Фируза Шәріпова бұл туралы менеджерімен сөйлескенін айтып өтті. Оның айтуынша, оларға Қазақстанда жекпе-жек өткізу маңызды. "Қазірше XPO-2017 ұйымдастырушыларынан нақты ұсыныс түскен жоқ. Біраз БАҚ бетінде жүрген жаңалықтарды қарасақ, олар Қазақстанның ең танымал деген спортшыларының басын қосқысы келетінін көруге болады. Менің жекпе-жегім ол кешкін көркін кіргізер еді", - деді Фируза.

Осылайша қазақстандық кәсіпқой боксшы спорт басылымына берген сұхбатында EXPO-2017 кезінде ұсыныс түсетін болса, жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети