WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) мен америкалық боксшы кіші Вилли Монро (19-1, 6 КО) бокссүйер қауымның арасында аса көп сұранысқа ие, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, бүгінгі жағдайда сатылым уақыты басталғаннан кейін екі апта өткенде "Форум" (The Forum) бокс орталығындағы жекпе-жекке 5 мың билет сатылып үлгерген. Мақсат - 16 мамырға дейін 13 мың билетті сату, - деп хабарлайды ВКонтакте желісіндегі GGG тобы. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске салайық, сатылымға шыққаннан кейін бір тәулік ішінде 16 мамырда Лос-Анджелесте өтетін жекпе-жекке 2500 билет сатылып кеткен. Айта кетейік, ең арзан билетті 30 долларға сатып алуға болады, ал ең қымбаты - 300 доллар.
Головкин үшін бұл осы жылдағы екінші кездесу болады. Осы жылдың ақпан айында қазақстандық Монте-Карлода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді ұтып, рингтен 19-шы рет уақытынан бұрын кеткен болатын.