Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұйымдастырушылар Головкин - Монро жекпе-жегіне 5 мың билет сатып үлгерді

02 Сәуір 2015, 09:47
0
©thesweetscience.com
©thesweetscience.com

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) мен америкалық боксшы кіші Вилли Монро (19-1, 6 КО) бокссүйер қауымның арасында аса көп сұранысқа ие, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, бүгінгі жағдайда сатылым уақыты басталғаннан кейін екі апта өткенде "Форум" (The Forum) бокс орталығындағы жекпе-жекке 5 мың билет сатылып үлгерген. Мақсат - 16 мамырға дейін 13 мың билетті сату, - деп хабарлайды ВКонтакте желісіндегі GGG тобы. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, сатылымға шыққаннан кейін бір тәулік ішінде 16 мамырда Лос-Анджелесте өтетін жекпе-жекке 2500 билет сатылып кеткен. Айта кетейік, ең арзан билетті 30 долларға сатып алуға болады, ал ең қымбаты - 300 доллар.

Головкин үшін бұл осы жылдағы екінші кездесу болады. Осы жылдың ақпан айында қазақстандық Монте-Карлода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді ұтып, рингтен 19-шы рет уақытынан бұрын кеткен болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай