VADA промоутердің "Канелоны" қарымтадан кейін тексермеуге қатысты шағымына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© MMA Mania © MMA Mania

Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының басшысы (VADA) Маргарет Гудман қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің қарымтадан кейін месикалық Сауль "Канело" Альваресті тексеруден бас тарту туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының басшысы (VADA) Маргарет Гудман қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің қарымтадан кейін месикалық Сауль "Канело" Альваресті тексеруден бас тарту туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді.

Мұның алдында Леффлер VADA боксшыларды қарымтадан кейін тестілеуді жоспарлап, келесі күні айнып қалғанына қатысты күдік тудыратынын айтқан.

"VADA жекпе-жектен кейін Головкин үшін кездейсоқ тест жоспарлаған болатын. Олар "Канелодан" да тест алмақшы болғанына сенімдімін. Алайда келесі күні кездейсоқ тест алынбайтын болды. Жоспарланған тесттің өтпей қалуы күмән келтіреді... Мүмкін "Канело" Мексикада жүріп, қуырылған ет жеп, өз "шешімін" тойлатып жатқан болар", - деп жазды Леффлер твиттер желісінде.

VADA басшысының сөзінше, қазақстандықтың промоутері қателесіп отыр.

"Головкин және Альварестің допинг тесті туралы Том Леффлердің твиттері қате. VADA екі боксшыдан да қарымтаға дейін талай тест алған. "Канело" жекпе-жектен кейін де VADA ұйымының жыл бойы тексеру бағдарламасында. Головкин үшін бағдарлама 15 қыркүйекте аяқталған", - деп келтіреді Гудманның сөзін BoxingInsider.com.

"Бастапқыда Невада штатының атлетикалық комиссиясы боксшыларды қайта тексеруімізді сұрады. Алайда жекпе-жектен кейін бәрі жан-жаққа тарап кетті, ал Головкин бағдарламада болмағандықтан, комиссия шешімін өзгертті. Сондықтан тексерісті VADА емес, комиссия өзгертті", - дейді ұйым басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer