Василий Левит бокстан Азияның үш дүркін чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Левит бокстан Азияның үш дүркін чемпионы атанды Василий Левит. © Данияр Майлыбаев

Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан Азияның үш дүркін чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда қазақстандық үнді боксшысы Сумит Сангванмен кездесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан Азияның үш дүркін чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда қазақстандық үнді боксшысы Сумит Сангванмен кездесті.

Еске салайық, Василий Левит Қытайда 2009 жылы өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Ал екінші рет Таиландта 2015 жылы үздік болған еді.

Ал осыған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Әділет Құрметовтың әлем чемпионатына жолдама алғаны белгілі болған еді. Таншкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында ол тайпейлік Чу-Ен Лайды жеңді. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Құрметов екінші рауднта қарсыласын нокдаунға түсіріп, қазылар алқасының шешімімен жеңіске жетті.  

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы Ерік Әлжановтың финалда өзбек боксшысынан жеңіліп қалғаны белгілі. Ол 81 келіге дейінгі категорияда жұдырықтасқан. Финалда ол өзбек Бектемір Меликузиевпен жұдырықтасқан. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер өзбек боксшысы жеңді деген шешім шығарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети