© Данияр Майлыбаев
Бокстан Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонға жол берді.
Үш раунд қорытындысы бойынша Бостандық аралының боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Финалда Эрисланди Савон ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездеседі.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Ералиев пен Әбілхан Аманқұл финалға шықса, 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған болатын.