Риода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде ауыр салмақтағы спортшыны нокдаунға жіберді, - деп хабарлайды Team LEVIT.
Риода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде ауыр салмақтағы спортшыны нокдаунға жіберді, - деп хабарлайды Team LEVIT.
Үш раундтық кездесу Қазақстан құрамасының Германия және АҚШ командаларымен Талғар базасында бірлескен жаттығулар барысында өткізілді. 91 келіге дейін өнер көрсетіп жүрген Левит неміс жігіті 91+ салмақта өнер көрсететін Макс Келлермен жұдырық түйістірді.
Екінші раудндта Левит өз қарсыласын нокдаунға түсірді.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Олимпиада-2016 ойындарында финалдық кездесуде ресейлік боксшымен шаршы алаңға шығып, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан. Бұл жағдай бокс әлемінде біраз дауға айналды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Vesti.kz оқырмандары Левитті ең үздік спортшы деп таныған, ал бір жанкүйер қыз оның бейнесін өзіне тату етіп салдырған.