Венгриядағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгриядағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға шықты © ҚБФ

Иштван Бочкаиді еске алуға арналған Дербенцте (Венгрия) өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иштван Бочкаиді еске алуға арналған Дербенцте (Венгрия) өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтын жүлде үшін кездесулер бүгін, 7 ақпанда өтеді. Жартылай финалға шыққан алты боксшымыздан жарысты Махмуд Сабырхан, Талғат Шәйкен пен Айбек Оралбай жалғастырады. Ал Айдос Арапов, Нұрбек Оралбай мен Дамир Тойбай қола жүлдені місе тұтты. 

Финалда жұдырықтасатын жұптар:

52 келіге дейін
Махмуд Сабырхан - Лалита Прасад Полипали (Үндістан);

До 69 келіге дейін
Талғат Шәйкен - Вахид Амбли (Франция);

91 келіге дейін
Айбек Оралбай - Гаурав Чаухан (Үндістан).

Қыздар арасында, 60 келіге дейін
Римма Волосенко - Екатерина Дынник (Ресей)

Марина Вольнова (75 келіге дейін) жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Еске салайық, Венгрияда өтетін дәстүрлі халықаралық Иштван Бочкай мемориалы бүгін, 7 ақпанда аяқталады. Бұл жарысқа қатысқан кей боксшылар Иорданияда өтетін олимпиадалық іріктеуге дайындалып жатқан ұлттық команданың негізгі құрамына қосылады. Аммандағы квоталар наурыздың 3 мен 11 аралығы өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 498.65  course down  595.85  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети