"Видеосын көріп, шошып кеттім" - Данияр Елеусіновтің қарсыласы

03 Тамыз 2018, 17:28
0
"Видеосын көріп, шошып кеттім" - Данияр Елеусіновтің қарсыласы - © www.monokli.com
© www.monokli.com

Венгриялық кәсіпқой боксшы Габор Горбич (24-11, 14 КО) Данияр Елеусіновтің жекпе-жегінің видеосын көріп, қорқып қалғанын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Габор Горбич арасындағы жекпе-жек Кардиффте өтеді. Астана уақыты бойынша ол тамыздың 4-нен 5-не қараған түні сағат 00.30-да басталады. Бастапқыда Елеусінов Горбичпен маусымда кездесу керек болған, бірақ сол кезде венгриялық боксшы жарақат алып қалған еді. 

Горбичтің айтуынша, рингке шықпас бұрын оны қорқыныш сезімі билейді. Венгриялық боксшы қазақстандықпен жекпе-жекте бір ғана мүмкіндігі бар деп есептейді екен.

"Жекпе-жек уақыты жақындап келеді, мен біраз өзімді жаман сезініп тұрмын. Даниярдың стилін тек кәсіби тұрғыдан емес, әуесқой бокста жүрген кезіне дейін зерттемекші болдым. Себебі кәсіпқой бокстан тек екі жекпе-жегі болған. (күледі) Білесіз ба, ол мені кішкене қорқытып жіберді. Ол шапшаң әрі талантты және қарсыласын тез оқиды. Сонысы қорқытты.

Ол менің стилімді зерттеп алса, маған оны жеңу үшін жақсылап тырысу керек. Жекпе-жектердің санына қарамастан, бұл жігіттің болашағы зор деп ойлаймын. Мен әрдайым қарсыластарыма сыйластықпен қараймын, ал Даниярмен бұл оңай, себебі оның әуесқой бокста жүрген кезі бұған дәлел", - дейді Горбич.

"Жаттығу кезінде тек бір нәрсені ойладым, ол өзімнің стилімді қолдану. Себебі мен бұрындары классикалық совет бокс мектебінен өткен босшылармен кездестім. Мұндайлармен менің бір ғана мүмкіндігім бар - өзіңнің ережең бойынша күресіп, мүмкіндікті жіберіп алмау. Физикалық дайындық пен жекпе-жекке дұрыс оймен баруға көп уақыт жұмсадым. Оған жақын жүретін боламын және жоғары дірежеде қарсылық көрсетемін деп үміттенемін", - деді Горбич. 

Еске сала кетейк, Елеусіновтің кәсіби бокстағы кездесуі 28 сәуірде Нью-Йоркте өтті. Үш раунд ішінде америкалық Ноа Кидданы (3-1-1, 2 КО) есінен тандырған болатын. Ал екінші жекпе-жегін қазақстандық боксшы Лондонда өткізді. Ол кезде бірауыздан Золтана Шабоны (24-12, 10 КО) жеңген еді. Айта кетейік, қазақстандық спортшының мүдделерін Британдық промоутер Эдди Херннің Matchroom компаниясы қорғайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай