12 мамыр 2015 | 08:51

Вилли Монро кіші: Головкинмен болатын кездесу - мансап жолымдағы басты жекпе-жек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Badlefthook.com ©Badlefthook.com

Америкалық боксшы, Boxcino турнирінің жеңімпазы Вилли Монро кіші 17 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинке қарсы өткізетін кездесуін мансап жолындағы басты жекпе-жек деп атады, - деп хабарлайды Tofight.ru. 


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық боксшы, Boxcino турнирінің жеңімпазы Вилли Монро кіші 17 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинке қарсы өткізетін кездесуін мансап жолындағы басты жекпе-жек деп атады, - деп хабарлайды Tofight.ru. 

"Меніңше, бұл мүмкіндікке мені әуесқойлардан бастап түгелдей мансап жолым дайындады. Мен үш мәрте ел чемпионы болдым, әуесқой бокста 142 рет жекпе-жек өткіздім. Мен Boxcino турнирінде жұдырықтастым, айтқым келгені, Геннидий Головкин мен турнирде кездескен барлық қарсыластың қосындысы. Меніңше, бұл кездесу - мансап жолымның шыңы (...)", - деді Монро.

Сонымен қатар, америкалық боксшы алдағы жекпе-жектен кейін өзінің әлем чемпионы болатынын мәлімдеді. "Кездесу аяқталғанда мен әлем чемпионы боламын. Мен сіздерге қысқа ғана жеке өмірім туралы айтып беремін. Мен анамның жатырында пайда болғаннан бастап андердог болдым. Бұл ауыспалы мағына емес, мен андердог болғанымнан ләззат аламын. Егер мен фаворит болсам көбірек уайымдайтын едім", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин Вилли Монро кішіге қарсы өткізетін жекпе-жегін өзі үшін үлкен сынақ болатынын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети