IBF, WBO және WBA (Super) тұжырымдары бойынша ең ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украин Владимир Кличко өз атақтарын абыоймен қорғап, болгар боксшысы Кубрат Пулевті нокаутпен жеңді, деп хабарлайды AllBoxing.ru.

38 жастағы Владимир Кличко 33 жастағы Кубрат Пулевті бесінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунда болгар боксшысы Кличконың сол қолымен ұрған пәрменді хуктарына төтеп бере алмай, екі рет нокдаун алды. Содан соң үшінші раундта еденге сұлап та түсті. Бесінші раундта Пулев шабуылдап, бірнеше соққысы діттеген жеріне дәл тигізген де еді. Алайда іле-шала Кличко оны сол қолымен шиіре ұрып (хук), жойқын соққысымен сұлатып салды.
Айта кетейік, осы кездесу алдындағы баспасөз жиынында Пулевті өз командасымен бірге өткізбеген еді. Сол үшін ол Кличконың атына біраз ауыр сөзде айтқан болатын. "Онда чемпион болу үшін не қажетті, соның бәрі бар, бірақ онда батылдық жоқ. Ол қыз сияқты", - деген-ді.