WBC белбеуі бар қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC белбеуі бар қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды Сурет: facebook.com/Madiyar-Ashkeyev

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) шаршы алаңға желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) шаршы алаңға желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.

Әшкеев шаршы алаңға 3 желтоқсанда Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында Фредди Роучтің Wild Card Boxing Gym залында өтетін бокс кешінде шығады. Оның қарсыласы жеңілмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэлл (13-0, 10 КО). Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Кездесуді NBC арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

"NBCSN арнасында жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғаным үшін қуаныштымын. АҚШ жерінде бірінші рет телеарнада көрсететін айқаста өзімді жақсы қырынан көрсетіп, үлкен мәлімдеме жасауға дайынмын", - деді Әшкеев. 

Бастапқыда  Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу 10 сәуірде өтуі керек болатын. Бірақ бұл бокс кеші коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети