17 мамыр 2018 | 10:26

WBC чемпионының бапкері Головкинді қарсылас таңдаудағы шешімі үшін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Санчес. © HBO Boxing Головкин мен Санчес. © HBO Boxing

Екінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидестің бапкері Алекс Азиз қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қарсыластарды таңдаудағы шешімін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Екінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидестің бапкері Алекс Азиз қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қарсыластарды таңдаудағы шешімін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бенавидестің бапкеріның ойынша, GGG қасақана оңай қарсыласты таңдаған, негізінде ол мықты боксшылармен жұдырықтасуға мүмкіндігі бар болатын. Еске салайық, қазақстандық боксшы ол қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

"Ванес ешқашан 154 фунтта (бірінші орта салмақ) жұдырықтасып көрмеген. Ол 154 фунтқа оңай ауысты. Егер өзіңді P4P реитингінде бірінші тұрғаныңды көргің келсе, мұндай қарсыластарды таңдауға болмайды. Головкин әрдайым былай дейді: "Бұл оңай. Сізге бар керегі бізге хабарласу. Жекпе-жек өткіземіз". Біз солай істедік, алайда жекпе-жек болмады. Қарсыластарды бұлай таңдауға болмайды. Жекпе-жекке екі апта қалғанда келісіп, екі жыл бойы жұдырықтаспаған адамға қарсы шығудың не керегі бар?", - дейді бапкер.

Сонымен қатар, ол қазақстандық боксшының бұрынғыдағыдай мықты еместігін айтты.

"Головкин бұрынғыдағыдай мықты емес. Ол көп соққы жібереді, бұл жаттығудың көрсеткіші. Абель Санчес ескі мектептің бапкері, бірақ ғалым емес. Головкин дәл Мэнни Пакьяо секілді құбылып жатыр. Боксшының спорттық мансабындағы соңғы жылдары тәжірибелі әрі білімді команда қажет", - дейді Ариза.

Бенавидес өткен жылы 18 наурызда Головкинге америкалық Дэниэл Джейкобспен шығатын кезде көмектескен еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети