Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің ресми сайтында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші кездесуге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz .

Ұйым өкілдері трилогия алдында боксшылар аралық жекпе-жек өткізу керек деп санайды.
"Канело-GG III? Әзірге жоқ! Кей мәліметтер бойынша, мексикалық чемпион Сауль Канело Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шығу туралы келісімге қол жеткізді. Алайда, бұл ресми ақпарат болмағандықтан, Канело мен Головкин келесі жекпе-жектерін жеңуі тиіс", - делінген WBC мәлімдемесінде.
Еске салайық, Головкин мен Альварес Лас-Вегаста екі рет кездесу өткізген. 2017 жылдың қыркүйек айында нәтиже тең болды, ал бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!