Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) пуэрториколық боксшысы Мигель Коттоны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) пуэрториколық боксшысы Мигель Коттоны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC ресми сайтында Коттоның ұйымның ережелерін орындаудан бас тартқаны хабарланды. Сауль Альварес болса барлық талапты орындады. Ол Коттоны жеңген жағдайда орта салмақта WBC чемпионы атағына ие болады. Егер бұл кездесуде Мигель Котто жеңімпаз болса, белбеу уақытша иесіз қалады.
Айта кетейік, Мигель Котто әлем чемпионы титулынан айырылуы туралы пікір білдірді. Ол Альвареспен жекпе-жегі алдында міндетті төлемді төлеуден бас тартқанын айтты. Сонымен қатар, ол Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойяның өзінің әрекеті туралы "бокс тарихындағы сорақы қылық" деп айыптауына да жауап берді.
"Оскардан Бүкіләлемдік бокс кеңесіне 1,1 миллион доллар төлеуін сұрап, сосын жауабын күтіп көріңіздер. 1,1 миллион доллар. Бұл әділдік пе? Жоқ, бұлай болмауы тиіс", - деді Котто. Боксшының айтуынша, Головкиннің Мигельге Саульмен кездесуге мүмкіндік беруі үшін қазақстандық боксшының командасына 800 мың доллар төлеуді талап етуі жағдайды қиындатқан.
"Маған белбеу керек емес. Үйімде белбеулер толып жатыр. 1,1 миллион долларға мен кез келген белбеуді сатып ала аламын. Маған титулдың да қажеті жоқ", - деді Мигель Котто.
Айта кетейік, Котто-Альварес кездесуі 21 қарашада өтеді.