WBC Қанат Исламды өз рейтингінен "шығарып тастады"

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC Қанат Исламды өз рейтингінен "шығарып тастады" © vk.com/kanatislamteam

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ресми сайтында 2018 жылғы ақпан айының жаңарған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ресми сайтында 2018 жылғы ақпан айының жаңарған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кестеде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарының иегері қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейін ол өз дивизионында алтынша тұрған, алайда WBC қазақстандықты өз рейтингінен алып тастаған соң ТОП-15 тізімінен шығып қалған.

Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындаған болатын. Оның қарсыласы америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) болуы керек еді.

Тараптар келіссөз жүргізген, бірақ АҚШ боксшысының командасы Ислам жекпе-жектен бас тартты деген хабар таратты. Нәтижесінде 24 ақпанда Вера француз Мишель Соромен (31-2-1, 30 КО) кездесетін болды.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети