WBC ұйымы Головкин - "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазы үшін арнайы белбеу дайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC ұйымы Головкин - "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазы үшін арнайы белбеу дайындады © soloboxeo.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC)  Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес кездесуінің жеңімпазы үшін арнайы белбеудің дизайнын таңдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC)  Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес кездесуінің жеңімпазы үшін арнайы белбеудің дизайнын таңдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Адольфо Лопес Матеос" мемориялдық белбеуі қйымдастырушылар сайтында дауыс беру арқылы таңдалды. Оның дизайнын уичоли - Батыс және Орталық Мексикада тұратын үндістер халқы жасап шығарған. 

Сонымен қатар, "Канело" бірнеше рет сұхбат бергенде WBC титулы үшін Головкинмен таласпайтынын ескерткен. Бұрындары ол осы ұйымдастырушыларымен жанжалдасып қалған.

Мамырда Альварес өз отандасы Хулио Сезармен жекпе-жек өткізген кезде, ол жеңімпазға арналған WBC арнайы естелік титулын алудан бас тартты. Кейінірек WBC арнайы Мексикада салтанатты шара өткізді, олар "Канелоға" естелік белбеуді сыйға тартпақшы болған, алайда мексикалық одан да бас тартты. 

Бұл дау осыдан бір жыл бұрын басталған. WBC "Канело" Головкинмен жекпе-жекке шығуды міндеттеді. Мексикалық шешім қабылдау үшін біраз уақыт беруін сұраған, себебі сол кездері ол сот процесіне қатысып жатты, соған қарамастан WBC промоутерлік сауда күнін белгіледі. Соңында Альварестің титулы Головкинге жекпе-жексіз берілді. "Канелоның" айтуынша, осы ұйым мексикалықтың Головкиннен қорқып, жекпе-жекке шықпас үшін белбеуді бере салды деп жала жапқан. 

Өз кезегінде WBC президенті Маурисио Сулейман Головкин - "Канело" жеке-жегінің жеңімпазы белбеудің міндетті иегері атанады, егер Альварес жеңген жағдайда оның белбеуді иелену иеленбеуін шешпейді. 

 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" арасындағы жекпе-жек  16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети