Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасуға рұқсат бермеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасуға рұқсат бермеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Иә, Мартиросян Калифорнияда Головкинге қарсылас ретінде ұсынылған, алайда телефон арқылы жүргізілген конференция кезінде IBF, WBC және WBA келіспеді. Оны Головкиннің қарсыласы ету үшін саудаласу керек. Санкциялық органдар мәселені кешкі конференцияда шешуге тырысады. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты", - деп жазды өзінің Twitter желісіндегі парақшасына Los Angeles Times журналисі Ланс Пагмайер
Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда өтеді. Өтетін орын ретінде әзірше Лас-Вегастағы MGM Grand белгіленді.
Мұның алдында Невада штатының атлеттер комиссиясы 24 жастағы Хайме Мунгуйемен (28-0, 24 КО) де жұдырықтасуға рұқсат бермеді. Өйткені мексикалық боксшы 12 раундтық жекпе-жекте жұдырықтаспаған екен.
Әуелде Головкин Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасу керек болатын. Алайда мексикалық боксшыдопинг тесттен екі рет өте қалмай қалып, жекпе-жектен бас тартты. 18 сәуірде оның ісі бойынша тыңдау өтіп, "Канело" кленбутеролдың өз ағзасына тамаққа қосылған ет арқылы түскенін дәлелдей алмаса бокстан шеттетіледі.
Ал 5 мамырда Головкинмен кездесуге америкалық Джермалл Чарло, Деметриус Андраде және Габриэль Росадо, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақта WBO чемпионы Хильберто Рамирес және оның отандасы Хулио Сезар Чавес, сонымен қатар UFC файтері америкалық Брайн Ортега жұдырықтасуға ниет білдірген еді.