WBO рейтингінде алғашқы орында тұрған боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO рейтингінде алғашқы орында тұрған боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді Автандил Хурцидзе. © RingTV

WBO рейтингінде алғашқы орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO рейтингінде алғашқы орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Хурцидзе Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Ол мұны менімен келісімшартқа отырғаннан бері армандап келеді. Менің ойымша, Головкин ең үздік боксшылардың бірі. Дегенмен Хурцидзе Головкиннің соңғы уақыттағы қарсыластарынан әлдеқайда жақсы жұдырықтасар еді. Ода Тайсонның менталитеті бар. Ал Майк Тайсон сияқты жұдырықтасатын кез келген спортшы теледидар үшін көп нәрсе жасай алар еді", - деді боксшының промоутері.

Сонымен қатар, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен шәкіртінің Головкиннің келесі қарсыласы бола алатынын мәлімдеді. Дегенмен ол 7 мамырда өтетін Альварес - Хан кездесуінің нәтижесін күтетінін айтты. Оның айтуынша, жекпе-жектен кейін Альвареске Головкинмен келісуге 15 күн беріледі. Егер ол бұдан бас тартса, қазақстандық спортшы WBC чемпионы атанады. Бұлай болған жағдайда Сондерске Головкинмен Англияда жұдырықтасуға мүмкіндік туады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети