WorldBoxingNews сарапшысы орта салмақта Головкинді алмастыратын қазақстандықты атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WorldBoxingNews сарапшысы орта салмақта Головкинді алмастыратын қазақстандықты атады

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz порталына берген сұхбатында орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8 КО) отандасы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) орнын басатынын айтады.

"Мейірім Нұрсұлтановтың соңғы жекпе-жегін тамашаладым. Бұл жігіттің мүмкіндіктері мықты. Бүкіл жекпе-жекті бақылауныда ұстады және нокаут та тамаша шықты. Өзін сенімді ұстайды, болашағы зор. Климас оған бекер сенім артып отырған жоқ. Жалпы Климас таланттарды аша білуімен белгілі. Мейірім Нұрсұлтановтың алдынан жақсы мүмкіндіктер ашылғалы тұр. Головкин спорттық мансабын аяқтаған соң, бұл салмақта Мейірім жарқылдайды", - дейді ол.

Айта кетейік, 12 қаңтарда Нұрсұлтанов екінші раундта 26 жастағы мексикалық Рамон Агинагиді (13-2, 26 КО) нокаутқа түсірді. Нұрсұлтанов былтыр қазанда WBC-дің топ-40 тізіміне енген.

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети