Хабиб Нурмагомедов GGG мен "Канело" жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов GGG мен "Канело" жайлы пікір білдірді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы уақытта болады деген бокс жекпе-жегі жайлы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AllBoxing.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы уақытта болады деген бокс жекпе-жегі жайлы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AllBoxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Өзінің мансабы жайлы айта келе Хабиб Нурмагомедов үш есімді атады.

"Қанша қалғанын мен нақты білмеймін, Сент-Пьер, Фергюсон мен Мейвезер. Үшеуі. Осылардан кейін өз мансабымды тәмамдап ұлы спортшылардың бірі атанғым келеді", - деді спортшы.

Нурмагомедов Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альваресті нағыз "жыртқыштар" деп атады.

"Жас боксшылардың қарсыластары жайлы айтатын болсақ, ол мен үшін қиын болды. Канело және Головкин жайлы айтатын болсақ, бұл жігіттер нағыз "жыртқыштар", - деді ол.

"Мейвезер қазір жас емес, оның жасы 41-42 де. Бірақ ол танымал. Онымен жекпе-жек өткізсем өзім үшін де, мансабым үшін де сәтті болар еді. Атақ, ақша және жанкүйерлер үшін де", - деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, Головкинмен Нурмагомедов ең алғаш рет 2018 жылдың шілде айында Мәскеуде жүздескен. Ресей спортшысы қазақстандықты ең үздік деп атап, онымен ұзақ уақыт бойы танысқысы келегенін айтты. 2019 жылы Нурмагомедов Қазақстанға келмекші.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети