"Халық чемпионы оралды". Twitter Головкиннің парақшасын бұғаттан шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Халық чемпионы оралды". Twitter Головкиннің парақшасын бұғаттан шығарды Фото: DAZN

Twitter желісі әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің ресми аккаунтын бұғаттан шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter желісі әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің ресми аккаунтын бұғаттан шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл туралы GGG-дің өзі мәлім етті. "Халық чемпионы Twitter-ге оралды", - деп жазды Головкин өз парақшасында. 

Бұғаттан шыққан парақшада Головкиннің есімінің ағылшынша нұсқасы өзгерген. Есімге тағы бір әріп қосылған - Gennadiy Golovkin (бұрын Gennady болып тұрған).

Айта кетейік, Головкиннің Twitter желісіндегі парақшасы 13 маусымда бұғатталып қалған еді. Оның себебі ретінде ереже бұзылғаны айтылған. 

Бұған дейін суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюридің де Twitter-аккаунты бұғатталған болатын. Оның парақшасына хакерлер шабуыл жасаған. Кейін боксшының аккаунты бұғаттан шықты.

Головкиннің парақшасын да хакерлер бұзып кіруі мүмкін. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 9 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізген еді. Головкин төртінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл - GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети