Аса жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов пен IBF чемпионы ирландиялық Райан Барнетт жекпе-жек қарсаңында соңғы рет салмақ өлшеп, көз арбасу рәсімін өткізді. Шара 20 қазанда белфаста өтті.
Қос боксшы да аса жеңіл салмақ лимитін сақтады (118 фунтқа дейін - 53,525 келіге дейін). Алайда қазақстандық өз қарсыласынан жеңіл болып шықты: Жақияновтың салмағы 117,3 фунт (53,203 келі), ал Барнетт - 117,5 фунт (53,297 келі).




© Matchroom Boxing
Vesti.kz порталының мәліметінше, Жанат Жақиянов Diamond Ring промоутерлік компаниясының ресми сайты жасаған қазақстандық кәсіпқой боксшылардың салмақ өлшеміне тәуелсіз рейтингінде көш бастаған.
