Жанқош Тұраров елордада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров елордада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады © Vesti.kz

6 шілдеде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров "Барыс Арена" спорт кешенінде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 шілдеде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров "Барыс Арена" спорт кешенінде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".

Сонымен қатар, бұл күні чемпиондық атақ та сарапқа салынады. Тарихи бокс кешіне 12 000 көрермен келеді деген болжам жасалып отыр. Елордадағы бокс кешіне дүние жүзіне танымал спорт жаңалықтарын тарататын ESPN арнасы АҚШ, Канада, Пуэрто-Рико елдеріндегі 100 млн оқырмандарына, ал  iFL TV әлемнің өзге де елдеріне тікелей эфирде көрсетеді. 

Тұраровтан бөлек бұл кеште Нордин Оубаали мен Дэвид Оливер Джойс секілді әлемдік жұлдыздар да жұдырықтасады. Олар тиісінше жеңіл салмақтағы WBC нұсқасы бойынша және жартылай жеңіл салмақта WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағы қорғайды. Сонымен қатар, рингке Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Әли Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді еліміздің үздік боксшылары шығады.

"Нұр-Сұлтанда 2019 жылы қала күнін атап өтуде бокс үшін айтулы күн болады. Бұған өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз", - деді MTK Қазақстан басшысы Асқар Салықбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети