Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсірді Жанқош Тұраров. © zhusan.kz / Жеңіс Ысқабай

26 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсіріп, кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Оның қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Густаво Гарибай. АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жекпе-жекті тоқтатты. 

"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Жеңіс біздікі! Алла қолдап, Оразаның алғашқы күнінде қарсыласымды жендiм. Үшінші раунд, шешуші сəт, нокаут. Ендігі арманым өз салмағымдағы чемпиондармен жұдырықтасу. Алға Қазақстан!!!", - деп пікір білдірді жекпе-жектен кейін Тұраров.

Айта кетейік, боксшылар салмақ өлшеу рәсімінде жартылай орта салмақ лимиті саналатын 147 фунтқа (66,6 келі) сәйкес бола алмаған еді, сондықтан жекпе-жек аралық салмақта өтті - бірінші орта және жартылай орта салмақ аралығында (151 фунт) өтті.

Осылайша қазақстандық боксшы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 13 жеңіс және 2 тең жекпе-жек бар.

Айта кетейік, осы кеште Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегі өтеді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +36
Астана +32
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +33
Б
Балқаш +38
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +43
Қызылорда +31
П
Павлодар +26
Петропавл +37
С
Семей +39
Т
Талдықорған +40
Тараз +44
Түркістан +31
О
Орал +36
Ө
Өскемен +40
Ш
Шымкент +37

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер