Жекпе-жек 12 раундқа созылмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін - Альварес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жекпе-жек 12 раундқа созылмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін - Альварес © vk.com/ggolovkin

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело " Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело " Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жекпе-жек 12 рауындқа созылмайды-ау. Ол жекпе-жектің аяғына дейін шыдамайтынына кепіл беремін. Кездесу нокаутпен аяқталады. Мен Голвкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін", - дейді Альварес TMZ.com басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында мексикалық боксшы жеңісіне сенімді болғандықтан Головкинмен бір ғана жекпе-жек өткізетінін айтқан. Алайда келісімшартта Альварес қана пайдалана алатын қарымта кездесу туралы тармақ бар. 

Сонымен бірге, "Канело" қазақстандық боксшының мексикалық стилі барын айтқан. Оның пікірінше, бұл олардың жекпе-жегі үшін ұтымды жайт. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жекте Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO атақтарын қорғайтын болады. 

Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин-Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасады. Алайда мексикалық бұл ұйымның белбеуіне таласы жоғын осының алдында айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети