Жүргізуші Головкинге жыныстық қатынас туралы сұрақ қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші Головкинге жыныстық қатынас туралы сұрақ қойды © "ВКонтакте" / Геннадий GGG Головкин

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Power радиостанциясындағы The Breakfast Club бағдарламасының жүргізушісіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Power радиостанциясындағы The Breakfast Club бағдарламасының жүргізушісіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғасы

Әңгіме барысында GGG алдағы жекпе-жегі жайлы және қарсыластарының деңгейіне қатысты айтылып жүрген сынға жауап берді.

"Қалған боксшылардың маған неліктен жолағысы келмейтінін білемін. Бұл менің бас ауыртар мәселем емес. Менің бапкерімнен сұраңыз (Абель Санчес), бұл оның кінәсі", - деп күлді ол.

"Өздеріңіз білесіздер ғой, мен кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. Кез келген боксшымен келіссөзге дайынмын. Дәл қазір мен қиын жағдайдамын. Барлығы "Мен үздікпін, мықтымын, жекпе-жекке дайынмын!" дейді. Сосын оларға "Онда келісімшартқа қол қой" деймін. Сонымен бітеді. Ешкім де қол қоймайды", - дейді Головкин.  

Сонымен қатар, радио жүргізушісі боксшының жекпе-жек алдында секспен айналысуға деген көзқарасын сұрады. "Бұл проблема емес. Секс - секс, ішу - ішу, таңғы асты ішу де - қарапайым таңғы асты ішу болып қала береді. Бірақ жекпе-жекке бір апта қалғанда, секс туралы ойлай алмайсың, боксқа жан-тәніңмен берілуің керек - бұл енді басқа жағдай", - деді қазақстандық боксшы.

"Мен рингке шыққанда қорқып қалған емеспін. Жұдырықтасу ұнайды, қызық. Бұдан жақсы бокс шығады. Бокс мен үшін бірінші кезекте спорт", - деді ол.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети