7-20-25: алғашқы жарна сомасына қатысты өзгеріс

viewings icon 1405 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"7-20-25" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банктер 1 шілдеден бастап 20 пайыздан артық бастапқы жарна сомасын қабылдай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыстар департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"7-20-25" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банктер 1 шілдеден бастап 20 пайыздан артық бастапқы жарна сомасын қабылдай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыстар департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұдан былай қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызынан артық соманы алғашқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.

"Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаныңтұрақты мөлшері қолында 20 пайыздан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. "7-20-25" бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңарып жатыр, - деді "Баспана" ипотекалық ұйымы серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымов.

Қазіргі уақытта "7-20-25" бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын атқарып жатыр.

Айта кетейік, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
19°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю